From Wikipedia, the free encyclopedia
Жетілген плазмоцит — мөлшері 8-10 мкм жасуша. Пішіні сәл сопақ және бұрышты келген плазмоциттің дөңгелек ядросы базофилді цитоплазмасының бір шетіне ығыса орналасады. Плазмоцит ядросының маңындагы ақшыл келген аймақта Гольджи кешені мен центросоманы көруге болады. Цитоплазманың қалған бөлігінде гранулалы эндоплазмалық тор өзекшелері бір-біріне тығыз қабаттасып жатып, оның көкшіл түске боялуына әсерін тигізеді. Эндоплазмалық тор өзекшелерінің сыртқы жағында көптеген полисомалар орналасады. Эндоплазмалық тордың күшті жетілуі — антиденелерді құрайтын протеиндердің белсенді түзілетіндігінің айғағы. Жетілген плазмоциттер бөлінбейді. Қызметін тоқтатып ескірген плазмоциттерді макрофагтар фагоцитоз арқылы жояды. Плазмоциттер борпылдақ дәнекер ұлпасында, көбіне, қан тамырлары маңында орналасады. Олар, әсіресе, ішектердің кілегейлі қабықтары өзіндік тақташаларында, шарбыларда, сүт, сілекей және т.б. бездердің стромаларында, қан жасау мүшелерінде (сүйектің қызыл кемігі майында, көкбауырда, лимфа түйіндерінде) көбірек кездеседі. Плазмоциттер иммунды денелерді түзіп, оларды организмнің ішкі сұйық ортасына шығарады да, организмдегі сұйықтық (гуморальдық) иммунитетті қалыптастырады.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.